Saturday, 23 November,2024

Қытайдың айдаһары түркі халықтарының ұлуы ма? Тарихшы тың мәлімдеме жасады

Алмас Абылай
Фото

Бүгінде аспан асты елі Қытай мемлекетін әлем халықтары айдаһармен байланыстырып жатады. Тіпті аталмыш елдің әр символынан, дәстүрі мен шығармашылығынан, өнері мен мәдениетінен аталмыш аждаһаның бейнесін анық көре аламыз. Десе де дәл осы айдаһар бейнесі қайдан пайда болған? Елдегі белгілі тарихшылардың бірі осы тақырып төңірегінде тың жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Елдегі жас ғалымдардың бірі, тарихшы Нұрқожа Ерсайын Қытай халқымен астасып жатқан айдаһар бейнесін қайдан және қалай пайда болғанын зерттеген. Нәтижесінде бұл символдың тікелей түркі халықтарымен де қатысы барын анықтапты. Тіпті Таң империясынан мыңдаған жылдар бұрын үйсіндер мен сарматтар, жалпы түркі халықтары, сонымен қатар Рим империясында ерте заманнан болғанын дәлелдеп отыр.

"Өзім ұлу жылында дүниеге келгендіктен, бала кезден мені бір сұрақ мазалайтын. Неліктен бар әлем бұл жылды күшті, әдемі айдаһар жылы деп атаса, біз, қазақтар ұлу деген әлсіз жәндік атауын бердік? Жауап іздей келе, "айдаһар" сөзі парсы тілінен енгенін аңғарып, таза түркі тіліндегі нұсқасын іздедім. Тапқанда – таңғалдым. Айдаһардың түркі атауы "ұлу" болып шықты. Сөз төркіні "ұлы" болса керек. Моңғолдар оны "Луу" дейді, ал қытайлар 龙 (лоң) леп атайды екен. Біз Қытай мемлекетін сол Ұлумен теңеп үйреніп қалдық. Алайда көптеген тарихшылардың айтуынша, Ұлу қытайларға бізден барған болуы мүмкін. Қытайды билеген әулеттердің барлығы демесек, басым бөлігі көшпенді түркітілдес тайпалар болған. Оған бір де бір тарихшы ғалым қарсы келмейді", - дейді тарихшы.

Сонымен қатар, осы бағытта жазылған еңбектер мен кескінделген тарихи суреттерді де дәлел ретінде келтірген. Ол жерде «бөрілі байрақ» суреттері дегені болмаса, бейненің жалғасқан тұсы айдаһар іспетті.

"Менің жеке ойымша, Ұлудың кімде бірінші пайда болғанын табу мүмкін емес. Себебі оның Солтүстік-Шығыс Азияда ең алғаш бейнелері көне тас дәуіріне жатады. Ол заманда қытайың да, түркің де болмағаны анық. Алайда Ұлуды Қытайға беріп қою үлкен қателік әрі әділетсіздік болар еді. Себебі ғасырлар бойы Ұлу түркілердің басты символы болған. Толып жатқан археологиялық зерттеулер, бейнелер мен халық аңыздарын көтермей-ақ, ең басты белгі – бөрілі байрақты мысалға алсақ болады", - дейді Нұрқожа Ерсайын.

 

Ұсынылатын