- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Қытайдың ең ірі әуекомпаниясы артық салмағы бар бортсеріктерді жұмыстан шығарып жатыр
Қытайдың ең ірі әуекомпаниясы артық салмағы бар бортсеріктерді жұмыстан шығарып жатыр
Алмас Абылай
Фото CNN
Қытайда артық салмақты бортсеріктер жұмыстан шеттетілуде. Әуекомпаниясы өз имиджі үшін осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы CNN жазды. Дерекке сүйенсек, Қытайдың Hainan Airlines әуекомпаниясы бортсеріктерге ерекше талап қойған. Онда олардың салмағы мен бойы стандартты көрсеткішке сай болуы тиіс көрінеді.
Мысалға бойы 158 сантиметр әйелдің салмағы 48 келіден асып кетпеуі тиіс. Егер 5 пайыз айырмашылық болса онда тез арада қалпына келуге уақыт береді. Ал егер айырмашылық 10 пайыздан жоғары болса бірден жұмыстан шеттетіледі.
Бұл талап әуекомпаниясының иммиджіне тікелей байланысты қабылданып отыр.
Дей тұрғанымен қытайдағы қыз-келіншектер шешімге қарсылық білдіруде. Олар әйел затын төмендету, менсінбеу деген ойларын айтуда.