Қытайдың Лешань қаласында тау опырылып, 19 адам қаза тапты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қытайдың Сычуань провинциясындағы таудың опырылуы салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қайғылы оқиға туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады. Онда Лешань қаласындағы апаттың мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорнының аумағында болғаны айтылған.
Соның салдарынан 19 адам көз жұмды, Құтқару жұмыстарына 600-ден астам адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта таудың неден опырылғаны тексеріліп жатыр.