- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Қытайдың мас қатындары: Алматыда полиция қызметкері шетелдік азаматты итеріп құлатты
Қытайдың мас қатындары: Алматыда полиция қызметкері шетелдік азаматты итеріп құлатты
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Алматыда полицей қызметтік көлік есігіне жабысқан шетелдік әйелді итеріп жіберді. Бұл жағдай желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан бір топ шет елдік әйелдің полицейлерге ұрсып тұрғанын байқайсыз. Тіпті ішінде бір-екеуі қызметтік көлік есігін жұлқылап жүр. Осы әрекетке шыдамаған полицей ортадағы келіншекті итеріп жіберген. Ол жерге құлады.
Көп ұзамай бұл жағдайға байланысты департаментте пікір білдірді. Онда қызметтік тексеру басталғаны және полицей әрекетіне баға берілетіні жазылған.
Дей тұрғанымен желідегі жұрт бейнежазбаны қызу талқылап жатыр. Басым бөлігі тәртіп сақшысының әрекетін құптапты. "Қытайдың мас қатындарын тайраңдатпау керек" деген пікірлерін де жазуда.