Saturday, 18 May,2024

Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек - жазушы

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың жазып кеткен мақаласындағы үзінді ғаламторда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Джек Лондоннан аударған Қытай туралы мақаласында жазушы былай деген екен.

“Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек. Олар сауда жасап жүріп-ақ қатын-бала, үмек-шүмегімен сабанның топанындай ағылып келіп, сенің жеріңе атақонысыңдай орнығып алады. Ел алу, жер алу – Қытайға түкіргеннен де оңай. Ол көптігімен алады. Қаулаған өрттей басып қалады. Қытай өзімен қоңлас елдерді соғысып жойған жоқ, сауда жасап жүріп-ақ жұтып қойды. Бұ сияқты жер алу, ел алу әдісін дүние жаралғалы тарих жүзі көрген жоқ шығар”, - деп жазды Жүсіпбек Аймауытов.

Ұсынылатын