Қыз алып қашу операциясы: Шымкенттік жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Шымкентте қыз алып қашқан ер адам 12 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасы хабарлады. Онда қыз алып қашу операциясының 16 қаңтарда болғаны айтылған. Қалыңдығын ұрлап кетпек болған күйеу жігіт енді ауыр жазаға тартылуы мүмкін. Қазір уақытта ол уақытша ұстау абақтысында отыр.
"Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекснің 125-бабы 2-бөлігі 1) тармағының негізінде ("Адамды ұрлау") соталды тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының "Г" есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды. Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жай анықталады", - делінген хабарламада.