Saturday, 23 November,2024

Қыз зорлады деп айыпталған полиция бастығы сот кезінде есінен танып қалды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қыз зорлады деп күдікке ілінген Талдықорған полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев сот кезінде жүрек талмасы ұстап, талып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Денсаулығы сыр берген Марат Күштібаевты дәрігерлер алып кетті. Осыған байланысты сот отырысы кейінге шегерілді.

“Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды”, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Марат Күштібаев өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілініп отыр. Әзірге сот отырысының қашан болатыны белгісіз.

Ұсынылатын