Saturday, 23 November,2024

Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының экс-бастығы 11 жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тағылған айыптарға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашада Күштібаев Талдықорған қаласы Полиция басқармасының бастығы бола тұра, басқарма ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.

Істің мән-жайлары заңға сәйкес жарияланбайтындықтан, іс жабық сот отырысында қаралады.

Осы баптың санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот үкімімен Күштібаев ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

ҚК-ның 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес Марат Күштібаев «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.

Ұсынылатын