Қыздарға мектепте мұсылман киімін киюге тиым салынды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Франция мектептерінде қыздарға мұсылман киімімен сабаққа келуге тиым салынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
DW агенттігінің жазуынша, бұл туралы Францияның білім министрлі Габриэль Атталь мәлімдеген. Яғни енді мектептерде қыздарға мұсылман әйелдерінің бүкіл денені жауып тұратын дәстүрлі абайя көйлегін киюге тыйым салынады.
Атталь келесі аптада мектеп басшылығымен бұл тыйымды қалай жүзеге асыру керектігін талқыламақ. Жаңа ереже 4 қыркүйекте оқу жылының басынан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр.
Францияда мектептегі зайырлылық және көрнекті діни рәміздер туралы заң 2004 жылы қабылданған. Ол кез келген діни рәміздер тағуға немесе діни киім киюге тыйым салады.