Қызғаныш па, ашу ма? Алматыда ер адам әйелін пышақтап өлтірді
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жантүршігерлік жағдайды полиция да растап отыр. Дерекке сүйенсек, ер адам емхананың темекі шегетін бөлмесінде әйелге пышақ ала жүгірген. Тіпті 10 шақты рет сұққан көрінеді.
"Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеп жатыр", - делінген полиция ақпаратында.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу шаралары жүріп жатыр.