Saturday, 27 July,2024

Қызғаныштың қызыл оты: Теміртауда әйелін қызғанған еркек досын буындырып өлтірді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғыны әйелін қызғанғаны сонша, досын буындырып өлтіріп қойды. Ол қазір сот алдына жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сот мәліметінше, қайғылы оқиға биыл қаңтар айында болған. Досымен бірге үйінде ішімдік ішкен сотталушы қатты қызып, ұйықтап қалады. Сол кезде досы оның әйеліне қол жүгірткен. Сол сәтті үй иесі, әйелінің ышқынған даусынан оянып кетеді.

Содан екі ер адамның арасында төбелес басталып, сотталушы досын буындырып өлтіреді. Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 50 жастағы ер адамға 11 жыл жаза кесті. Ол жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтейді.

Ұсынылатын