Sunday, 24 November,2024

Қызмет құдіреті ма? Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың әкесі "Құрметті азамат" атанды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Премьер-министр Әлихан Смайыловатың әкесі Жамбыл облысының құрметті азаматы атанды. Шешім мәслихат сессиясында бекітілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жамбыл облысы мәслихатының сессиясында облыстың құрметті азаматы атағын беру тізімінде премьер-министр Әлихан Смайыловтың 75 жастағы әкесі Асхан Смайылов енген. Депутаттар кандидаттардың толық тізіміне бірауыздан дауыс берді. Осылайша Үкімет басшысының әкесі де облыстың құрметті азаматы атанып отыр.

Асхан Смайылов бұрын Алматыдағы №7, №17 ауруханаларда бас дәрігер болған.

Бұл атақ өмір бойына беріледі. Оның тағайындалғанын растайтын құжаттар мен төсбелгі отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады немесе мұрагерлердің келісімімен жергілікті мұражайға тапсырылуы мүмкін.

Ұсынылатын