Sunday, 28 April,2024

“Қызметінен кетсін!” Қытайларға 100 мың гектар жер береміз деген әкім сынға қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қытай инвесторлары Қазақстаннан 100 мың гектар жер сұрап отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев айтқан еді.

«Шетелдіктер қазақстандық әріптестерімен бірге зауыт салуға ниет білдірді. Бұл кәсіпорын ақбөкен мен ірі қара мал етін толық өңдеуді жоспарлап отыр. Біз олардың ұсынысын тыңдап, өз шарттарымызды ортаға салдық. Компания аймақта тіркелуі керек, сәйкесінше барлық салық шегерімдері аймақ бюджетін толықтырады. Зауыт жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуы керек. Инвесторлар өз міндеттемелерін орындауы тиіс. Әйтпесе, жер тәркіленеді. Шартқа келісіп, қаржы тапса, жерді береміз. Қорқатын ештеңе жоқ, олар жерге иелік ете алмайды, қайта сата алмайды. Біз үшін өңірге инвестиция тарту – басты міндет», – деген еді  Нариман Төреғалиев.

Алайда облыс әкімінің бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен шу туғызды. Саясаттанушы Санжар Боқаев облыстың үштен екі бөлігін қытайларға береміз деген әкімді қызметінен кетіру керек деген бастама көтерді,

Өз үндеуін Санжар Боқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда саясаттанушы қымай инвесторларына жер береміз деген әкімді сынап, отставкаға кетуін талап еткен.

“Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Люксембург, Кипр, Косово, Черногория секілді мемлекеттердің барлығының жерін қосқан кезде 100 мың гектарға жетпейді. Сонда облыс әкімі қытайлардың ұсынысын қабылдауға дайын екенін айтты. Не деген опасыздық! Бұл әкім өзі басқарып отырған облыстың жер көлемін біледі ме екен? Білмесе, мен айтайын. БҚО жер аумағы 150 мың гектар ғана. Сонда 100 мың гектарды беруге дайын болса, облыстың үштен екі бөлігін қытайлар басады деген сөз. Ондай жағдайда бізге сырттан жау іздеп қажеті жоқ. Бұл әкім жұмысынан кететін болсын!, - деді Санжар Боқаев.

Ұсынылатын