Saturday, 23 November,2024

Қызыл кітапқа енге құстарды шетел асырмақ болғандар қолға түсті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қызыл кітапқа енген 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болған шетелдіктер мен ҚР азаматтары Атырау қаласының әуежайында қолға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ 17 қыркүйекте қолға түскен. Олар сирек кездесетін ителгі құстарын Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлапты.

«Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгіні күтіп-ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден астам. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын