Қызылорда облысында 9-шы сынып оқушысы ауыр соққыдан көз жұмды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Қызылорда облысының Төңкеріс ауылында болған оқиға көптің тіксінтті. Үлкен сыныптың оқушылары 9-шы сыныпта оқитын жасөспірімді ұрып өлтірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы марқұм Ерасыл Төребайдың анасы Сәуле Жақсылықова мәлімдеді. Оның айтуынша, жоғарғы сынып оқушылары 9-шы сыныпта оқитын жасөспірімді аяусыз ұрып, тепкілеген. Соның салдарынан баланың денсаулығы сыр беріп, көп ұзамай көз жұмған.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 10-шы сыныпта оқитын екі оқушы күдікті ретінде танылып, қамауға алынған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.