Қызылорда облысында әйел егіз сәбиін сатып жіберген
Uaqyt.info

Қызылорда облысында егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz хабарлауынша, Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 ж.т. сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады.
ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.