Sunday, 24 November,2024

Қызылорда облысында екі бала уланып көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қызылорда облысында екі бала газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 11 қыркүйекте Шиелі ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.

Н. Бекежанов көшесіндегі жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша табиғи газдан уланып, 2017 және 2020 жылдары туған екі бала қаза болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамнан 1 қызметкер барды, - делінген хабарламада.

Мамандар газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұсынылатын