Saturday, 19 April,2025

Қызылорда облысында ірі құс фабрикасы өртке оранды

Uaqyt.info
Фото

Қызылорда облысында бөдене асырайтын ірі құс фадрикасы өртеніп кетті. Қызыл жалын 288 шаршы метрді шарпыған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқиға 28 ақпан сағат 04:37-де Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында болған. Әзірге өрттің неден болғаны белгісіз. Мамандардың айтуынша, қызыл жалын шарпыған кезде фабрикада төрт мың бөдене болған. Қазіргі уақытта төтенше жағдайға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Келтіріліген шығын сомасы есептелуде.

Ұсынылатын