Saturday, 5 October,2024

Қызылорда облысында каналдан ер адамның мәйіті табылды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда қаласындағы каналдан 50 жастағы адамның жансыз денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

“Оқиға Қызылорда қаласына қарасты «Бәйтерек» шағын ауданы маңындағы «Ардақ» суару каналында болған. «Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының күшімен каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 1973 жылы туған адамның мәйіті шығарылды. Оқиға орнында 5 құтқарушы 1 техника,1 қайықпен жұмыс істеді. Суару каналының ені 10 метр болса, тереңдігі – 1 метр”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын