Saturday, 23 November,2024

Қызылорда облысында оқушылар жаппай уланып қалды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы №225 орта мектептің 25 оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметіне сүйенсек, мектептегі асхана жұмысшыларының бірінен стафилококк бактериясы табылған. Балалардың улануына тікелей осы фактор әсер етіпті. Осыдан кейін екі аспаз  жұмыстан шеттетілді. Ал уланған балалар ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандардың айтуынша, олардың жағдайы тұрақты.

Ұсынылатын