Sunday, 24 November,2024

Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың мәйіті каналдан табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

6 тамызда үйінен шығып, сол күйі қайта оралмаған 7 жасар қыздың жансыз денесі Үбіс каналынан табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізге сала кетейік, Қармақшы аудандық полиция бөліміне жоғалған қыз туралы арыз 7 тамызда түскен болатын. Марқұмның туыстары әу баста өздері іздеп көргенімен, еш нәтиже бермеген. Содан соң олар полицияға хабарласады.

Іздеуге еріктілер де жұмылдырылды. Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті Үбіс каналынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Қыздың ата-анасы және туыстары қызды өз күштерімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын