Saturday, 27 July,2024

Қызылорда облысында жол апатынан екі адам мерт болды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмып, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, қайғылы оқиға 12 тамызда түнгі сағат 03:00  шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында болған. Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, жол апаты болды.

Соның салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен​ сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұсынылатын