Қызылорда облысында журналистер мінген әкімдік көлігі апатқа ұшырады
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қызылорда облысында журналистер мінген әкімдік көлігі жол апатына түсті. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Paparaci.kz жазуынша, бүгін түске таман Жаңақорған ауданының Құттықожа ауылына бара жатқан жолда облыс әкімдігінің тойота «Hice» автокөлігі жол апатына ұшырады.
Көлік ішінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Жаңақорған ауданына сапарын ақпараттандыруға аттанған бір топ БАҚ өкілдері болған.
Журналистер мінген көлік әкімнен бұрын келесі нысанға жету үшін асығып, жолдан тайып кеткен. Абырой болғанда, адамдар аман. Түрлі дене жарақатын алғандар бар.