Қызылорда облысындағы жарылыстан бір адам көз жұмды
Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, соның салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға Жалағаш ауданындағы Аққұм ауылында болған. Жеке тұрғын үйдегі газ баллоны жарылған сәтте үйде бес адам болыпты. Әйелі мен екі баласы сыртқа аман шығып үлгергенмен, 30 жастағы үй иесі анасын құтқарып қала алмады. Оның өзін де күйік шалып ауруханаға түскен.
“Тұрғын үйден 1948 жылы туған азаматшаның мәйіті шығарылды. Қазіргі таңда департаменттің анықтау бөлімімен Қылмыстық Кодекстің 292-бабына сәйкес Қылмыстық іс қозғалып, өрт-техникалық, сот-медициналық, өрт сөндіру зертханасы бойынша сараптама тағайындалды. Себеп-салдары анықталып жатыр”, - деді Облыстық ТЖД Басқарма бастығы Асхат Оразбеков.