Saturday, 23 November,2024

Қызылордада аспалы көпірдің жігі ажырап барады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қызылордада қала мен Сырдарияның сол жағалауын жалғайтын аспалы көпірдің жігі ажырап барады. Өткелдің қосылған тұстары 10 сантиметрге дейін алшақтаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Көпірдің үстіндегі жарықшақтың үлкейгенін қала тұрғындары да байқап, түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті. Көлік жүргізушілері де, көпірдің жалғанған жеріндегі ақау/ қозғалыс кезінде байқалатынын айтады.

Аспалы көпір 2017 жылы ел игілігіне берілген. Жыл сайын оны күтіп ұстауға бюджеттен 10 миллион теңге бөлініп келеді. Әкімдік өкілдері, өткел жігінің ажырауын/ соңғы күндері күн райының суытуымен байланыстырып отыр.

“Көпірдің деформационный жігтері қыстыгүні өзі ашылып, жазда қайта тартылады. Көпірдің конструкциясына байланысты ешқандай деформациялар жоқ. Қосымша тағы да тиісті мамандарды тарта отырып зерттейтін боламыз”, - деді қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай qazaqstan.tv-ға берген сұхбатында.

Uaqyt.info бұған дейін Алматыдағы көпірдің жігі ажырағанын жазған болатын.

 

Ұсынылатын