Friday, 22 November,2024

Қызылордада екі жасар сәби құдыққа құлап көз жұмды

Uaqyt.info
Фото

Қызылорда облысында екі жастағы бала құдыққа құлап мерт болды. Балақай нағашысының үйіне қыдырып барған екен, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Қызылорда облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай 24 наурызда Жаңақорған ауданына қарасты Қандөз ауылында болған. Екі жастағы бала су алатын құдыққа құлап көз жұмды.

ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманованың айтуынша, ол Түркістан облысының, Сауран ауданындағы Балтакөл елді мекенінен нағашысының үйіне анасына еріп қонаққа келген екен. Уақыт.кз бұған дейін Ақтөбе облысында бір жасар баланың құдыққа құлағанын жазған болатын.

Ұсынылатын