- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Қызылордада келіншек кәмелет жасына толмай туып қойған қызының нәрестесін сатпақ болған
Қызылордада келіншек кәмелет жасына толмай туып қойған қызының нәрестесін сатпақ болған
Қызылордада белгісіз әйел өз қызының нәрестесін сатпақ болған. Бойжеткен кәмелет жасына толмай туып қойған көрінеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған. Кейін полиция бұл жағдайды растады.
Желідегі дерекке сүйенсек, анасы кәмелет жасына толмаған қызының өмірге алып келген нәрестесін сатуға әрекеттенген. Яғни жасөспірім қыз кафелердің бірінде даяшы болып еңбек еткен. Осылайша бала көтеріп, босанып алған көрінеді.
"Осы жылдың 7 қыркүйегінде тіркелген дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандар саудасы дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді", - делінген полиция ақпаратында.
Оқиғаға байланысты облыстық білім басқармасы түсініктеме беріп, бақылауға алынғанын жеткізді.