Saturday, 23 November,2024

Қызылордада көлік бірнеше адамды қағып кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған үш адамды жеңіл автокөлік қағып кетті. Соқтығыстан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға 5 маусымда қаладағы  Абай мен Есенов көшелерінің қиылысында болған.

“Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде”, - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Ұсынылатын