Friday, 20 September,2024

Қызылордада мектеп оқушысы алты жасар қызды зорлады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қызылордада 9-шы сынып оқушысы алты жасар қызды зорлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Онда 6 жасар қызды мектеп оқушысының зорлағаны айтылған. Кей ақпарат көздерінің дерегінше, қыз бала қазір ауруханада жатыр.

Ал күдікті оқушы қамауға алынған. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ұсынылатын