Қызылордада мектепке бомба қойылды
Қызылордадағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты оқушылар мен ұстаздар эвакуацияланып, мектеп тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бомба туралы хабарлама полицияға 10 сәуірде түскен.
«Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер жетті. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілуде. Департамент қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Ол үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.