Sunday, 24 November,2024

Қызылордада үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қызылордада үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Ол үлкендердің қарауынсыз қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепованың айтуынша, оқиға 6 тамызда болған.

"Онда Байтұрсынов көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2020 жылғы ұл баланың құлап кеткені айтылған. Ересектердің қадағалауынсыз қалған сәби терезеден құлап кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің маманы болып, мән-жайды анықтады", - деді Әлия Ережепова.

Ұсынылатын