Wednesday, 24 April,2024

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде болған ер адамды ұстады. Күдікті қаладағы пәтерлердің бірінде жасырынып жатқан жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, 24 сәуірде Қызылорда облысы Криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел – іздестіру жұмыстары барысында ҚР ҚК 99 - бабы 2 – бөлігінің “Адам өлтіру” күдікті қатарында танылып, тергеуден  бой тасалап, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласынын тұрғыны құрықталды.

Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған. Қазір ол Қызылорда қалалық ПБ УҰИ-ға қамаққа алынды.

Ұсынылатын