Saturday, 5 October,2024

Қызылордада жаппай төбелес: Түн ортасында бір топ жігіт көшені басына көтерді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Қызылордада түн ортасында топ болып төбелескен азаматтардың бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға 20 мамырға қараған түні болған. Полицияға қала тұрғындарынан жас жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде хабарлама түседі. Оқиға орнына жеткенде жастардың екіге бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелеспен аяқталғаны белгілі болды.

Азаматтардың төбелесі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды. Олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді", - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды.

Ұсынылатын