Қызылордада жүк көлігі жасөспірім қызды қағып өлтірді
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Қызылордада «КаМАЗ» жүк көлігі жасөспірім қызды қағып, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығының орынбасары Бағдат Жансұлтановтың айтуынша, жүргізушінің үстінен ҚК 345 бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.
            


