Қызылордадағы саяжайлардың бірінен пышақталған ер адамның мәйіті табылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қызылордада 57 жастағы ер адамды пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт саяжайдағы тұрғын үйлердің бірінен табылған. Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.