Қызылордалық әйел кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке жеккен
Уақыт.кз
Фото pixabay
Кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке итермелеген күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы хабарлады. Онда күдіктінің 18-ге толмаған екі қызды Kyzdar.net сайты арқылы жарнамалап, саудалағаны белгілі болды. Қызметі үшін ол қомақты сыйақы да алып отырған.
Полиция күдіктінің үстінен ҚК 134 бабының 2-бөлігі 2-тармағымен іс қозғап, медициналық сараптама тағайындады. Осы қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларға іздеу жарияланды.