Friday, 17 May,2024

Қызылордалық әйел үшемді дүниеге алып келді

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Қызылорда тұрғыны Әйгерім Әлімханова Айлин, Анель, Адель есімді үш қызды дүниеге алып келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қуанышты жаңалықты "Хабар 24" арнасы хабарлады. Онда 5 жыл бойы бала көтере алмаған әйелдің ЭКО арқылы үшемді дүниеге алып келгені айтылған. Үшем Байқоңырда дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен балалардың жағдайы жақсы.

"5 жыл күттік осы сәбилерді. 4 жылдан кейін портал алдық. Осы Қызылорда облысында экомед клиникасында қаралып жүрдім. Бала көтере алмайтынымды 4 жылдан кейін білдім. 2021 жылы "Аңсаған сәби" бағдарламасымен тізімге тұрдым. Құжаттарымды бастап дайындап, тамызда "перенос" болып, балаларды салдырып келдім, 2 бала болған. Одан кейін Алланың құдыретімен 3 сәби дүниеге келіп жатыр", деді Әйгерім Әлімханова.

Ұсынылатын