Рамзан Қадыров митингіге шыққандарды атуға рұқсат берді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров қауіпсіздік күштеріне рұқсат етілмеген митингіге шыққандарды атуға рұқсат берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ІІМ және ресейлік гвардия өкілдеріне берген бұйрығында Рамзан Қадыров рұқсат етілмеген митингіге шыққандарды атуға шақырды. Ол бірніші әуеге үш рет атып ескерту жасау керектігін, бірақ оған қайырылмағандарды қақ маңдайдан атыңыз деген.
Айта кетейік, бұған дейін Шешенстан басшысы Махачкала әуежайында болған тәртіпсіздіктерді айыптаған болатын. Сол жанжалдан кейін уәежай жұмысын уақытша тоқтатты.