- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды.
«Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде облигациялары тұрған «Транстелеком» АҚ (Астана) KASE-ге акцонерлердің ортақ шешімімен 25 шілдеде компанияның директорлар кеңесі сайланғанын хабарлады», – деп хабарлады KASE.
Кеңес құрамында Әлиев Н.Р., Покупателев Д.А., Өтемұрат Б.М., Ғұмаров Э.М., Ахметжанов А.М., Аниховский В.А., Ибраимов К.У бар.
KASE мәліметінше, компания 2022 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге дивиденд төлемейді.