- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Ресей әскерін жарақтау үшін Солтүстік Кореяға азық-түлікпен алмасуды ұсынып отыр
Ресей әскерін жарақтау үшін Солтүстік Кореяға азық-түлікпен алмасуды ұсынып отыр
Алмас Абылай
Фото Вbc.com
Ресей билігі өз әскерін қажетті қару-жарақпен қамту мақсатында Солтүстік Кореяға азық-түлік қорымен алмасуға ұсыныс жасауда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Вbc агенттігіне АҚШ-тың ресми өкілі Джон Кирби хабарлаған. Яғни, Солтүстік Кореяға бүгінде азық-түлік қоры жетіспейді. Осы мәселенің орнын толтыру үшін Ресей тарапы қару-жарақпен алмасуға ұсыныс тастаған көрінеді.
"Біз Ресейдің Солтүстік Кореяға делегация жіберуге ниетті екенін білеміз және оған оқ-дәрілердің орнына азық-түлік ұсынатыны да назарымызда", - деді ол.
Десе де Пентагон бұл екіжақты келісім БҰҰ-дағы қауіпсіздік мәселесіне қайшы екеніне тоқталған. Қазіргі уақытта АҚШ билігі бұл келісімді қатаң бақылауға алды. Тіпті бұған дейін осы іске түрткі болды деген күдікпен Словакия азаматы Ашот Мкртычевті қара тізімге енгізді.