Friday, 22 November,2024

Ресей Киевті тағы да әуе дрондарымен атқылады: Украина әскері жақын күндері қарсы шабуылға шықпақ

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Украина мен Ресей арасындағы соғыстың жүріп жатқанына 434-ші күн. Әуе арқылы дрондармен атқылау әлі жалғасуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС агенттігінің дерегіне сүйенсек, Ресей Украинаға тағы да әуе арқылы шабуылын үдетті. Бұл жолы Шахед дрондарымен тіпті Киевті де атқылаған. Бірақ жергілікті билік 26 жарылғыш дронның бәрін де әуеде залалсыздандыру мүмкін болғанын мәлімдеп отыр.

Днепр мен Запарожье облыстарында да үздіксіз жарылыс даусы естілді. Онда С-300 зымыранының жарылғаны айтылады. Бірқатар әуе дрондары залалсыздандырылған.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен жақын күндері Украина әскері қарсы шабуылға шығатынын хабарлауда. Тіпті жақсы нәтиже де болып қалады деген үмітін жасырмаған.

Әзірге Ресей Бахмут пен Маринька өңірлеріндегі әрекеттеріне басымдық беруде. Бірақ соңғы дерекке сүйенсек,100-күнге созылған аталмыш аумақтағы соғыс Ресейдің өте көп сарбазын жоғалтуына соғып отыр.

Ұсынылатын