Ресей мен Қазақстан – жай ғана емес, ең жақын одақтастар – Путин
Владимир Путин дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, шағын құрамдағы келіссөздің нәтижелі болғанын атап өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Ресей мен Қазақстан – жай ғана емес, ең жақын одақтастар. Мұндай қарым-қатынас ұзақ жылдар бойы қалыптасты. Халықтарымыздың игілігіне қалтқысыз қызмет ететін байланыстарымызды нығайту дәстүрін жалғастырып отырғаны үшін Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтқым келеді”, – деді Ресей Президенті.
Владимир Путин ауыл шаруашылығымен қатар, білім және ғылым, жоғары технология, машина жасау, химия өнеркәсібі, өнеркәсіптік өндіріс сияқты салалар ынтымақтастығымыздың басым бағыттарына айналуға тиіс деп санайды.
Кездесу соңында президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты қатынастарды нығайтуға және Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді ілгерілетуге қос тарап та бейілді екенін растады.