Sunday, 8 September,2024

Ресей неге жасырып жүр? Пригожиннің қайда жерленгені анықталды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Вагнер жетекшісі Евгений Пригожиннің қайда жерленгені белгілі болды. Тіпті онымен қоштасу рәсімін тыныш қана өткізіп жіберген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, Пригожинмен қоштасу рәсімі шағын ғана көлемде әрі жабық режимде өткізілген. Қаралы жиын Санк-Петербург қаласында өтті.

Көп ұзамай оның бейіті қайда орналасқаны анықталды. Яғни әскери ұйым баспасөз қызметі кез-келген адам Порохов бейітіне барып оған тағзым ете алатынын мәлімдеді.

Әрине мұның бәрі көпшіліктің көкейінде үлкен сұрақ туындатқаны анық. Тіпті бірқатар азамат Пригожиннің өмір бойы тасада жүретініне тоқталып, осы оқиғаның да шынайы емесін айтып қалуда.

Ал Ресей билігі 10 адамның өмірін қиған ұшақ апаты кезінде қаза болғандардың бірі нақты Евгений Пригожин екенін растаған еді.

Ұсынылатын