Friday, 22 November,2024

Ресей тағы да Украинаның бірнеше қаласын бомбалады: 13 адам көз жұмған

Алмас Абылай
Фото ВВС

Ресей Украинаның бірнеше қаласын жаппай бомбалады. Тіпті бұл жолы Киев те бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС агенттігінің дерегіне сүйенсек, Украинаның бірнеше қаласына Ресей зымыран ұшырған. Қатарында Уман, Днепр және мемлекеттің астанасы Киев те бар. Тіпті Киевтегі жарылыс 51 күннен кейін қайталанып отыр.

Соңғы ресми мәлімет бойынша жаппай жарылыс салдарынан 13 адам көз жұмған. Оның ішінде кішкентай бала да бар. Ондаған тұрғын үй қирады.

Украина Президенті осы жағдайдан кейін Ресейге салынатын санкция салдарын күшейте түсу керегін жазуда.

Ұсынылатын