Ресейде апатқа ұшыраған автобуста Қазақстан тумасы да болған
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Санкт-Петербургтегі автобус апатында қаза тапқандардың ішінде Қазақстан тумасы да бар, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 10 мамырда болған еді. Жолаушылар автобусы алдымен жеңіл көліктермен соқтығысып, артынан көпірдің жақтауын бұза-жарып өзенге құлаған еді. Соның салдарынан жеті адам мерт болды.
Оның ішінде 28 жастағы Марина есімді Көкшетаудың тумасы бар. Марқұм Петербургте тұрған және сол жерде кәсібін жүргізген.