Monday, 16 September,2024

Ресейде ұшақ апатынан 10 адам қаза тапты: арасында Евгений Пригожин де бар

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ресейдің Тверь облысында жекеменшік Embraer Legacy ұшағы апатқа ұшырап, 10 адам мерт болды. Қаза тапқандардың арасында «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин де бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ресейлік сайттар мен Telegram арналары хабарлады. Онда Мәскеуден Санкт-Петербургке бет алған ұшақтың апатқа ұшырағаны айтылады.

Жолаушылардың ішінде «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин де болған. Әзірге қалған жолаушылар туралы ақпарат жоқ. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын бастады.

Ұсынылатын