Ресейде жарылыс жасағандар Орталық Азияда да теракт ұйымдастырмақ болған
Ресейдегі "Крокус сити холл" орталығына шабуыл жасағандар Орталық Азияда да теракт ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы БАҚ беттерінде айтылып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Басылым мәліметінше теракттың алдын алып үлгерген. Дегенмен нақты қай елде жасамақ болғаны белгісіз, бірақ "Крокус сити холлдағы" шабуылмен қатар болады деп жоспарланған.
"Крокусқа" барар жолда жанармай құю бекетінен жанармай алып, пластик бөтелкелерге құйған. Кейін оны залды өртеу үшін қолданған", – деп жазды басылым.
Топ террористік ұйым болмаған. Олар теракт болатын күннен бірнеше апта бұрын ғана құрылған. Қатысушылардың екеуі нұсқауды Түркияға барғанда алған, ал өзгелерін Ресей аумағында топқа қосқан.
22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған.