Sunday, 28 April,2024

Ресейдегі тәжік таксистерге қысым күшейді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ресейде болған терактіден кейін тәжіктерге қатысты қысым күшейді. Ресей халқы таксистердің ұлтын сұрап, тәжік болса отырмайтындарын ашық айтуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Клиенттер мен жүргізушілердің диалогы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Онда клиенттердің “тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт” деген сөздерін байқауға болады.

Айта кетейік, 22 наурызда болған қырғынды тәжік ұлтының өкілдері жасаған болатын.

Осыдан кейін елде тәжіктерге қатысты көзқарас тым қиғаш болып кетті.

Uaqyt.info “Крокус сити холлдағы” терракті туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын