Saturday, 23 November,2024

Ресейдегі “Вагнер” қаза тапқан Пригожиннің ұлы Павелдің қолына өтті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ресейдегі “Вагнер” жекеменшік әскери компаниясы Евгений Пригожиннің ұлы Павелдің қолына өтті. Павел Пригожин бұған дейін Сирияда және Донбасстағы соғысқа қатысқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы The Moscow Times басылым жазды. Онда 25 жастағы Павел Пригожиннің “Вагнерге” басшылыққа келгені айтылған. Қазіргі таңда ол әскер қатарына адамдарды шақырта бастады. Жасаққа келген әр сарбазға қомақты қаражат та ұсынып отыр.

Әр жауынгерге 80 мың рубльден (шамамен 400 мың теңге) 240 мың рубльге дейін (1,5 млн теңгеге жуық) уәде етілген.

Естеріңізге сала кетейік, “Вагнердің” бұрынғы бастығы Евгений Пригожин серіктестерімен бірге Тверь облысында болған әуе апатынан көз жұмды.

Ұсынылатын