Ресейден заңсыз көлік тасығандар жазаға тартылды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Ақмола облысында көрші мемлекеттен заңсыз көліктер тасымалдаған үш азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Онда 2020-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстанға заңсыз жолмен көлік құралдарын әкелген азаматтарға қатысты сот үкімі шыққаны туралы жазылған. Олар 8, 7 және 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
«Аталған азаматтар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжаттар жасап, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған», - делінген хабарламада.